Мүмкін, сіз эстрадалық жұлдыз ретінде ән айту қиын және ұзақ процесс деп ойлайтын шығарсыз? Иә, дәл солай. Бірақ, жақсы жаңалық та бар: бәрі сырт көзге көрінгеннен әлдеқайда оңай. Кез келген адам жақсы ән айтуға үйрене алады, және бұл үшін жылдар бойы дайындалудың қажеті жоқ. Сізге қажет барлық нәрсе: караоке-приставка, ынта және біз дайындаған бірнеше пайдалы кеңестер.
Репетитор жалдаңыз
Бұл кеңес қаншалықты қарапайым көрінсе де, әлемде бұдан артық ештеңе жоқ. Тіпті, керемет Селин Дионның да вокал мұғалімі бар. Сондықтан, егер сіз өз дауысыңызды толық меңгергіңіз келсе – репетиторды немесе вокал студиясын іздеңіз. Ең жақсысы, олардың саны өте көп, және бағасы жағынан да, орналасуы жағынан да ыңғайлы нұсқа таңдау еш қиындық тудырмайды.
Жиі оқытушылар кәсіби әртістер болып табылады, олар дыбыс шығару техникасынан басқа сахналық хореографияны да жетілдіріп, кейіпті қалай жасау керек немесе альбомды қайда жазу керек деген сияқты пайдалы кеңестермен бөлісе алады. Егер сізде сабақтарға физикалық қатысу мүмкіндігі болмаса немесе жұмыс кестесі мүмкіндік бермесе, репетитормен онлайн-сабақ өтіңіз.
Оқу басталар алдында оқытушы туралы ақпарат жинаңыз, пікірлерді оқыңыз, оның түлектерінің жетістіктеріне көз жеткізіңіз. Вокалға оқыту – үлкен тәжірибе, шеберлік пен әдептілікті талап ететін процесс. Кейде репетиторға күрделі шешім қабылдап, оқушыға Хулио Иглесиас сияқты ән айта алмайтынын түсіндіру қажет. Дауыстық байламдарыңызға елеулі зиян келтіруі мүмкін армандарыңыздың артында жүргеннен көрі, кейде ащы шындық жақсырақ екеніне сеніңіз.
Қыздырыныңыз
Әрбір сахнаға шығар алдында қыздырынып алыңыз. Бұл кәсіби әншінің әуесқойдан маңызды айырмашылығы. Караоке-кешке дейін бірнеше сағат бұрын шағын вокалдық жаттығу дауысты жарақаттан сақтап, жоғары деңгейде өнер көрсетуге көмектеседі.
Ән алдында қыздырыну үшін бірнеше қарапайым ұсыныстар:
Жақсылап ұйықтап алыңыз. Шаршау вокалға теріс әсерін тигізеді.
Суық сусындардан аулақ болыңыз. Тек жылысын ішіңіз.
Төмен гуілден немесе ызылдаудан бастаңыз, баяу тоналдығығызды арттырыңыз.
10 минуттық үзіліспен “до-ре-ми” тарқатпасын қайталаңыз.
Тарқатпаны кері кезекпен қайталауды ұмытпаңыз. Бірнеше минут бойы тарқатпаны мұрын арқылы айтып тәжірибелеңіз. Ауыз тығыз жабылуы керек, ал шығарылатын дыбыс “н” әрібін еске салуы тиіс.
Диафрагмамен бірнеше терең тыныс алыңыз. Дене босаңсытылуы тиіс.
Зиянды әдеттерден құтылыңыз
Бұл салауатты өмір салты сәніне деген құрмет емес. Темекі шегу немесе ішімдік ішу сияқты зиянды әдеттер тікелей көмейдің шырышты қабатына және тиісінше, дауыс байламдарына және сіздің дауысыңыздың қалай естілуіне әсер етеді. Әрине, әлемде қырылмен, “кеуіп кеткен” вокалды орындаушылар көп, бірақ, әдетте, бұл олардың табиғи дыбыстары. Сонымен қатар, зиянды әдеттер дауыстық байламдардың ауыр жарақатына әкелуі мүмкін: деформациядан дауысты жоғалтуға дейін. Егер сізге қажет болса, батылдық үшін коктейльден бас тартпаңыз, бірақ алкогольді шамадан тыс ішу – ән марафоны үшін ең жақсы нұсқа емес екенін есте сақтаңыз.
Тыныс алуыңызды басқарыңыз
Біз қалай ән айтатынымыз, әннің күші мен ұзақтығы көбінесе біздің тыныс алуымызға және өкпенің көлеміне байланысты. Тыныс алу ән айту тәсілдерін, түрлі вокалдық техниканы пайдалануға, дыбысты өзгертуге, тегіс және таза дыбысқа қол жеткізуге мүмкіндік береді.
Тыныс алу және дауысты реттеуді жаттықтыру үшін уақыт өте үш қарапайым жаттығуды қайталап тұрыңыз:
– Дем алғанда өкпемізді ауға толтырып, және, ернімізді дөңгелетіп, мерекелік торттағы шамдарды өшіруге тырысқандай, ауаны ақырын шығарыңыз. Ішімізбен дем аламыз.
– Ішімізбен терең дем аламыз, тілдің ұшын үстіңгі тістерімізге тигізіп, және, оны алмай тұрып, ауаны шығара отырып, дауыстап онға дейін санаймыз.
– Үш рет қысқа дем алыңыз, содан кейін ауаны ақырын шығарыңыз. Иығыңызды бақылаңыз – ол не көтеріліп, не түсіп кетпеуі керек, бір қалыпта сақтаңыз. Басқа жаттығулардағы сияқты – ішімізбен демаламыз.

Сабыр сақтаңыз
Үрей, депрессия, стресс – вокал жаулары. Демалуға тырысыңыз және ойлар мен сезімдерді ретке келтіріңіз. Олай болмаған жағдайда нервоздық дауыста көрінеді, ал ән айту психотерапияның сеансын еске түсіреді. Музыка өте терең сезімді сыртқа шығаруға қабілетті, бірақ сіздің қонақтарыңыз бұл жағдайға қуанышты болмайды. Таза ауамен серуендеңіз, демалыңыз, сүйікті фильмді қараңыз – көңіл-күйді көтеретін нәрсемен айналысыңыз.
Диапазон
Кәсіби вокалист түрлі композицияларды орындауға және ерекше әншілік техниканы пайдалануға мүмкіндік беретін кең вокалдық диапазонға ие. Әдеттегі адам үшін мұндай шеберлік деңгейіне жету өте қиын, диапазонның айтарлықтай артуы кез келген адамға қолжетімді.
– Ән айту кезінде арқаңызды түзу ұстаңыз, басыңызды иыққа қыспаңыз – бұл дауысқа тікелей әсер етеді.
– Есінеуге еліктеңіз. Әрбір “есінеуде” бір дауысты дыбысты айтуға тырысыңыз. Бұл жаттығу вокал мен оның мүмкіндіктерін жақсы дамытады. Дифграммамен дем алуды ұмытпаңыз: әрбір демде сіздің ішіңіз үрленуі керек.
– Көркем шығармаларды үн шығарып, дауыстап және мәнерлі оқыңыз. Бұл сөйлеу аппаратының жұмысына және сіздің дауысыңызға оң әсер етеді.
– Дауыстық байламдар емес, тыныс алу арқылы қатты дауыстап ән айтуға тырысыңыз.
– Үнсіз дыбыстан қатты дыбысқа және төменнен жоғары дыбысқа қарай өтетін тарқатпаларды қолданыңыз. Барлық тарқатпа бойы тегіс дыбысқа қол жеткізіңіз.

Іс жүзі
Спортшылардың жаңа рекордтары тұрақты жаттығуларсыз мүмкін емесі сиқты, жақсы вокал да тәжірибесіз мүмкін емес. Жиі және көп ән айтыңыз. Караоке үшін күндізгі кестеден 15 минут бөліңіз. Сіз жақсы білетін әндермен жаттығыңыз. Ноталар мен басқа да бірқатар факторларға негізделген вокалды бағалаудың дәл жүйесі сіздің әніңіздің объективті деңгейін көрсетеді және әрі қарай ілгерілеуді қадағалауға мүмкіндік береді. Орындау кезінде қателерді ескеріңіз және көп ұзамай оң нәтиже көрсете аласыз.
Даралық
Өзіңіздің ерекше орындау стиліңізді табыңыз. Сіздің сүйікті солистіңіз сияқты ән айтуды үйренуді мақсат ретінде қоюмағаныңыз дұрыс. Сіздің күшіңіз – даралығыңызда. Сіз еліктегіңіз келетін әртіс, ең алдымен, өзінің өзіндік ерекшелігі мен басқалардан айырмашылығы үшін ұнаған болар.
Әрбір ән оның мағынасын өзгертетін ондаған түрлі интонациялармен айтылуы мүмкін. Әрине, сіз оны композиция түпнұсқада естілетін сияқты дәл орындауға міндетті емессіз. Мүмкін, өзіңіздің көруіңізді, дауысыңызды қосып, әнге біраз бірегейлік беру керек. Әннің қайталанбас үлгісін табу үшін тәжірибелеңіз.
Әртістік
Әртістік болыңыз – караокеде ән орындау алдында көпшілік ұмытатын кеңес. Табысты өнер көрсетідің құпиясы тек жартылай ғана вокалдық партиядан тұрады. Екінші жартысы – би қозғалысы, мимика, сахналық костюм. Егер ән айту мәнерлі, жарқын жолмен жүрсе, аудитория әлдеқайда жақсы жауап береді.
Егер сіз барлығыңызды караокеде таң қалдырғыңыз келсе, алдын ала сахнада өзін қалай ұстау керектігін пысықтап, бірнеше па жаттап, өнер көрсету үшін антуражды ойлаңыз. Үрлемелі гитара, күннен қорғайтын көзілдірік пен парик табысқа жету кілті болуы мүмкін. Ең бастысы: тіпті жұлдызды бейнеде – өзіңіз болыңыз.